Банктен немесе полициядан қоңырау: ІІМ алаяқтардың жаңа айласы туралы айтты

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға телефон алаяқтарының жаңа айласы туралы айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кейінгі кездері қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ұқсас жалған нөмірлерді пайдаланып, полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атын жамылып, жалған қоңырау шалу фактілері жиілеп кеткен.

Өздерін анықтаушы немесе тергеуші ретінде таныстырған алаяқтар полиция бөлімшесіне азаматтардың туыстары немесе таныстары онлайн несие берілді деген дерек бойынша жүгінгенін хабарлайды.Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтарға шот туралы ақпаратты, жеке мәліметтерді – аты-жөні, ЖСН және тағы басқасын айтуды сұрайды.

Басқармада атап өткендей, азаматтар алаяқтық айла-шарғылардың қысымымен өз құрылғыларына қашықтан қол жеткізуге арналған қосымшаларды орнатқан жағдайлар бар. Бұл әрекеттердің барлығы қылмыскерлердің банк карталары мен жәбірленушілердің депозиттеріне одан әрі ақша аудару немесе несие алу арқылы қол жеткізуге бағытталған.

Қалай алаяқтардың құрбаны болмауға болады?

Ішкі істер министрлігі болжамды банктен немесе полиция қызметкерінен осындай қоңырау түссе, телефон тұтқасын қойып, толығырақ ақпарат алу үшін банкке хабарласу ұсынылады.

Полиция да, банк қызметкерлері де сізден банктік шоттарды немесе жеке деректерді растауды ешқашан сұрамайтынын есте ұстаған жөн. Ешбір сылтаумен үшінші тұлғаларға, олар кім болып көрінсе де – банк қызметкерлеріне, олардың қауіпсіздік қызметтеріне, құқық қорғау органдарына және тағы басқаларға жеке деректер, карта шотының деректемелері, банктен сіздің абоненттік нөміріңіз алған SMS кодтарын бермеңіз.Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар банктік шоттарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

Қаіпсіздік шараларына қарамастан алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, шотыңызды бұғаттауыңыз керек. Сонымен қатар тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде түсіндіргендей, бірқатар себептерге байланысты, соның ішінде трансшекаралық сипатқа байланысты интернет-алаяқтықтың бетін ашу және тергеу әрдайым тез әрі оңай бола бермейді.

Әдетте, мұндай қылмыстарды жасау кезінде банк шоттары мен үшінші тұлғаларға берілген карточкалар, сонымен қатар жалған абоненттік нөмірлер қолданылады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: