Алты айда мемлекеттік бюджетке 7,15 трлн теңге түскен

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
2022 жылдың алты айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 7,15 трлн теңге түсіммен 106,4% орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері 2,3 трлн теңгеге немесе 1,5 есеге өсті. Көрсетілген мерзімде бюджетке 567,2 млрд теңге сомасында қосымша резервтер қарастырылған.Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Сонымен қатар камералдық бақылау мен салықтық тексерудің тиімділігін 162,7 млрд теңгеге арттыру туралы айтылды.

Алты айда мемлекеттік кірістер органдарынан барлығы 9,9 млн салық және кеден қызметі көрсетілсе, оның 99%-ы электронды түрде берілді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда электронды қызметтердің үлесі 1,9% өсті. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін жүгінген азаматтардың 97%-ы операторлардың жұмысына оң баға берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады