Астанада әуежайдағы тексеріс кезінде ер адамның ұлтарағы астынан доллар шықты

2022 жылдың басынан бастап Астанадан әуе рейстері арқылы ақшалай түрде 490 млн теңге заңсыз алып өткізілмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері 2022 жылдың басынан бастап қолма-қол ақша қаражатын декларацияламай немесе заңсыз алып өтудің 55 фактісін анықтады. Декларацияланбаған қолма-қол ақша сомасы 498 454 908 теңгені құрады, атап айтқанда 1 083 599 АҚШ доллары, осы бұзушылықтар бойынша айыппұл сомасы 1 700 000 теңгеден асты. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Құзырлы ведомства осы анықталған фактілер бойынша бірер мысал келтірді.

Мысал келтірсек, 2022 жылы 9 қыркүйекте Астана қаласының "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында Дубай бағытындағы халықаралық әуерейсімен кетіп бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Астана қаласы бойынша МКД "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері әуежайды тексеру қызметкерлерімен бірге Қазақстан азаматын тоқтатты. Ұстау кезінде декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды, атап айтқанда 56 750 АҚШ доллары (ҚР Ұлттық банктің сол кездеңдегі бағамы бойынша 26 911 985 теңгені). Заң бұзушы ақшаның бір бөлігін аяқ киімінің ұлтарағының астына, ал қалған бөлігін қол жүгіне жасырған. 

2022 жылы 25 тамызда Дубай бағытындағы халықаралық әуерейсімен кетіп бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Қазақстан азаматын тоқтатты. Ұстау кезінде одан декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды, атап айтқанда 14 100 АҚШ доллары (ҚР Ұлттық банктің осы кезеңдегі бағамы бойынша 6 513 918 теңге).

"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен (Жарлық) Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғанын еске саламыз:

Осыған байланысты шетелге шығуды жоспарлаған азаматтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауын сұраймыз. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: