Қазақстанда еңбек ететін шетел азаматтары көбіне құрылыста жұмыс істейді

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 403 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда 409 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстан – 769 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Еңбекмині ШЖК тартуға арналған квота 22 226 бірлік (0,24%) белгіленді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: