Қазақстанның орталық депозитарийі ресейліктер мен беларусьтардың шоттарын мәжбүрлі түрде шеттейді

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Euroclear және Clearstream халықаралық есеп айырысу депозитарийлері жүйесіндегі шетелдік шоттардағы Ресей мен Беларусь азаматтарының қаржы құралдарына сегрегация (іріктеу немесе міндетті түрде бөлектеуді) жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство хабарламасында Орталық депозитарийдің ресейлік депоненттер активтерін бөлектеу процесін Орталық депозитарий 2022 жылы Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийлерінің талабы бойынша бастап кеткені айтылады. Бұл процесс Еуропалық одақтың Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына салған санкция талаптарын сақтаумен байланысты екені де нақтыланады.

"2023 жылы мамырдан бастап Орталық депозитарий (KCSD) Ресей Федерациясының және/немесе Беларусь Республикасының азаматтары немесе Орталық депозитарийдің қазақстандық депоненттері атына брокерлік шоттар ашқан Ресей Федерациясында және/немесе Беларусь Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын міндетті түрде бөлектеуге кіріседі".


Мұндай шоттар (қосалқы шоттар) бойынша қаржы құралдарын бөлектеуді жүзеге асыру мүмкіндігі Ресей және Беларусь азаматтары мен заңды тұлғаларының активтерін халықаралық депозитарийлердегі номиналды мамандандырылған шоттарына (қосалқы шоттарына) аудару рәсімі аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

Бұл Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі қаржы құралдарын есепке алудың дұрыстығы мен нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқаны айтылады.

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қаржы құралдарын аудару рәсімі аяқталғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Орталық Азия өңіріндегі жетекші қор биржасы болып табылады. KASE бағалы қағаздармен сауда-саттық көлемі бойынша ТМД биржалары арасында екінші орынға және FEAS биржаларының акциялар нарығын капиталдандыру көлемі бойынша бесінші орынға ие. 

Бұл - корпоративтік және мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржы институттарының облигациялары, шетел валюталары, репо және своп сынды ақша нарығының операциялары, сондай-ақ өндірістік құралдар үшін әмбебап сауда алаңы. KASE Халықаралық биржалар федерациясының (WFE), Еуро-Азия қор биржалары федерациясының (FEAS) және басқа да халықаралық және отандық кәсіби бірлестіктердің мүшесі болып табылады.

АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг 25 сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанға қосарлас санкция қаупі артып келе жатқанын айтқан болатын. 

Беларусь Қазақстан Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: