Қаржы министрінің сөзінше, бүгінде тәркіленген мүлікті сатудың бірнеше жолы қарастырылған.
"Шілдеде заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң қабылданды, егер осы заң аясында қарастырсақ, әрине, жақында біз арнайы компания құрдық, солар басқарады, қажет болса біз не басқаруға береміз немесе сатып, қаражатты арнайы шотқа аударамыз" . Ерұлан Жамаубаев
Ол егер бұл әрекет осы заңға келмейтін болса, онда процесстік шешім қабылданып, бұл мүлік мемлекет меншігіне өтеді, содан кейін оны Қаржы министрлігі не сатады немесе сенімгерлік басқаруға береді.
Бұл ретте министр бұл активтердің Ұлттық қорға не себепті берілмейтінін түсіндірді. Қазір заң аясында Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерге арнайы қор құрылатыны белгілі болды.
"Ұлттық қордың екі функциясы бар: үнемдеу және тұрақтандыру. Қаржы Ұлттық қордан маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруға да бөлінеді. Ал капиталды қайтару туралы заң аясындағы бұл қаражат та әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмсалады. Бұл да ашық түрде, комиссия шешімі арқылы. Есеп палатасы да тексере алады. Мен мұнда ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Ақшаның елге қайтуы, соған жұмыс істеуі маңызды". Ерұлан Жамаубаев
2023 жылы 15 қыркүйекте кәсіпкер Қайрат Боранбаев алты жылға бас бостандығынан айырылды.