Қазақстанда ауылдағы дәрігер пунктерін салуға жеке инвестицияларды жұмсамақ

Сурет: Алматы әкімдігі
Денсаулық сақтау министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған "Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту" пилот ұлттық жобасына өзгерістер енгізетін үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін пайдалана отырып, жеке серіктестің өз қаражатынан дәрігер амбулаториясы, фельдшер-акушерлік пунктер (сатып алу/қайта құру/жөндеу/салу) құру арқылы Ұлттық жобада бекітілген талаптарға сәйкес келетін ұлттық жобаның қосымша нұсқасын енгізу ұсынылады.

Бұған дейін жобадағы осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 217,7 млрд теңге бөлу көзделген еді. Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медицина көмегін көрсету деңгейін көтеру мақсатында қабылданды. Іске асыру мерзімі – 2023-2025 жылдар.

Құжат 28 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.

Бұған дейін Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленгені хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды