14 қыркүйектегі сауда қорытындысы: доллар бағамы төмендеді

Доллары, деньги, курс доллара, обмен валют, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 16:02 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 14 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,17 теңгеге төмендеп, 447,80 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге арзандап, 5,32 теңгеге түсті.

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,32 теңгеге төмендеп, 66,91 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 442,8-448,8 теңгеден, еуро 516-521,5 теңгеден, ал рубль 5,08-5,20 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

14 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы қымбаттап жатыр.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2,56 долларға қымбаттап, 107,17 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнай бағасы 2,49 долларға өсіп, барреліне 102,54 долларға жетті.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 450,91 теңге, еуроны 522,69 теңге, ал рубльді 5,33 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: