7 қыркүйектегі сауда қорытындысында доллар бағамы төмендеді

Доллар, доллары, курс доллара, американские доллары, доллары США, обмен валют , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2026 16:00 Фото: freepik
2026 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 454,31 теңгені құрап, 2,04 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 5,26 теңге болды (-0,0043 теңге).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 68,68 теңгені құрады (-0,6 теңге).

Айырбастау пункттерінде доллар 454-456 теңгеден, еуро 527-531,2 теңгеден, ал рубль 5,10-5,23 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

7 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері 0,07%-ға арзандап, барреліне 96,21 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері 0,49%-ға төмендеп, барреліне 91,03 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 456,56 теңге, еуроны 530,52 теңге, рубльді 5,28 теңге деңгейінде белгіледі.

7 қыркүйектің бірінші жартысында Қазақстан қазақстандық айырбастау пункттерінде шетел валюталары қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: