Мобильді аударымдар бойынша салық бақылауы қалай жүргізіледі

Сурет: pixabay
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың мобильді аударымдарына салық бақылауы қандай өлшемшарттар бойынша және қандай мерзімде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы Мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден банктік шоттарына кәсіпкерлік қызметке байланысты ақша түсетін азаматтар туралы мәліметтер түсе бастады.

"Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру белгілерін айқындау өлшемшарты жеке тұлғаның үш ай қатарынан ай сайын әр түрлі тұлғалардан жеке банктік шотқа 100-ден астам аударым алуы болып саналады", – деп түсіндірді Комитет өкілдері.

Ақпарат банктерден кезең-кезеңмен беріледі:

Бүгінгі таңда ақпарат тек мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары бойынша алынды.

Комитет өкілдерінің мәлімдеуінше, бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді және жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.

Бұл ретте жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдар жасай және қабылдай алады (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша). 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі