Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бюджетке жиі түзетулер енгізу сапасыз жоспарлауды көрсететінін айтты. Журналистер ҰЭМ басшысынан бұл бағамен келісе ме деп сұрады.
"Биылғы жылдың бюджетінің шығыс бөлігі 24 триллион теңгені құрайды, біз бар болғаны 375 миллиард теңгені түзеттік, бұл біріншіден. Екіншіден, бюджетті түзету үкіметтің құзіретіне жатады, яғни бұл біздің күнделікті жұмысымыз, әсіресе мемлекет басшысының су тасқыны фонында бізге қажет емес шығындарды қысқарту қажеттігі туралы тапсырмалары болғандықтан. Ал біз бұл жұмысты жүзеге асырдық", — деді ҰЭМ басшысы.
Ол су тасқынының салдарын жоюға 56 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты. Тағы 80 миллиард теңгеден астам қаржы коммуналдық саланы жаңғыртуға жұмсалады. "Наурыз" ипотекалық бағдарламасы да қолға алынып, ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру ұлғайтылды.
"Қаражаттарды қайта топтастырудың арқасында біз бір жыл ішінде қосымша көптеген мәселелерді шештік деп есептеймін, ал 24 триллион теңгенің аясындағы 375 миллиард теңге бұл үшін тым көп емес. , – деп түйіндеді ҰЭМ басшысы.
Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов палатаның жалпы отырысында үкіметтің Қазақстан бюджетін үнемі нақтылауын сынаған болатын. Оның айтуынша, бұл дұрыс емес жоспарлауды көрсетеді.