22 сәуірде өткен саудада доллардың құны арзандады

Фото: pixabay
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 22 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,15 теңгеге төмендеп, 518,07 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,38 теңгеге (-0,05) түсті.

Ал юаньның орташа бағамы 70,93 теңге (-0,76) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,7-521,3 теңге, еуро 595-600 теңге, рубль 6,27-6,39 теңге аралығында сатылуда.

22 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 1,15%-ға өсіп, барреліне $67,02 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 1,28%-ға өсіп, барреліне 63,21 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 521,53 теңге, еуроны 601,01 теңге, рубльді 6,43 теңге деп белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді