Биткоин тағы да өсіп, жаңа рекорд орнатты

Фото: Zakon.kz
Крипто нарығын одан әрі реттеуге қатысты жағымды жаңалықтар аясында биткоин рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейсенбіде криптовалютаның бұл түрі 3%-ға өсіп, 111 мың доллардан асып түсті, осылайша, алдыңғы 109 мың долларлық рекорд жаңартылды. Investing.com деректеріне сүйенсек, мамыр айының басынан бері биткоин 18%-ға қымбаттаған.

Криптовалютаның өсуінің негізгі себептерінің бірі ретінде АҚШ Сенатында GENIUS заң жобасын қолға алу танылды.

Дереккөзде атап өткендей, инвесторлар мұны заңды сенімділікті қамтамасыз ететін және институционалдық ойыншылардың цифрлық активтерге көбірек қатысуын ынталандыратын криптовалюталарды жан-жақты реттеуге бағытталған негізгі қадам ретінде қарастырады.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 22 мамырдағы валюта бағамы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әбдез Рахманұлы: Мәслихат – халық мүддесін білдіретін маңызды өкілді орган

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 29 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ІІМ студенттерді зорлық-зомбылық пен бопсалау фактілерін жасырмауға үндеді

Валерия Аксенова бокстан әлем кубогының ширек финалында есе жіберді

Шымкентте белгілі актерлер Нүркен Иманқұлов пен Шапағат Орынбаев дауыс берді