20 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы да төмендеді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 20 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доллардың орташа өлшенген бағамы 538,33 теңгені құрап, 0,21 теңгеге төмендеді. Кеше, 19 тамызда, сауда қорытындысы бойынша америкалық валюта 1,27 теңгеге арзандаған болатын.

Рубльдің бағамы – 6,71 теңге (-0,0028).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңғы саудада 74,95 теңгені құрады (+0,06).

Айырбастау пункттерінде доллар 538,5–540,5 теңгеге, еуро 625–631 теңгеге, рубль 6,65–6,73 теңгеге саудалануда.

Бұл ретте, 20 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Brent маркалы мұнайдың бағасы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,11%-ға өсіп, баррелі 66,52 АҚШ долларына жетті.

Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың баррелі 1,28%-ға төмендеп, 62,56 АҚШ долларын құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 538,57 теңге, еуроны – 629,48 теңге, рубльді – 6,71 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Күннің алғашқы жартысындағы валююта бағамын мына жерден көре аласыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды