Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға 22 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алғанын жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Берілген мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 50,3 мың отбасындағы 270,7 мың адамға тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы – 21,7 млрд теңге. Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 110,7 млрд теңге қарастырылған.

"АӘК-тің басты мақсаты – отбасын қиын жағдайдан шығару үшін қаржылай қолдау көрсету және отбасыдағы еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға тарту", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство нақтылағандай, АӘК аясында:

Қазір қазақстандықтар АӘК алуға өтінішті карьералық орталыққа, ауылдық округтің әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 18 қыркүйекте министрлік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды