25 қыркүйектегі саудада доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: freepik
2025 жылғы 25 қыркүйек күні 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 541,68 теңгені құрап, 0,92 теңгеге арзандады.

Рубль бағамы өзгеріссіз қалып, 6,49 теңге деңгейінде сақталды. Ал қытай юанінің орташа сараланған бағамы таңғы саудада 75,94 теңге болып, 0,38 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пунктерінде доллар 542,1–544,5 теңге, еуро 635,5–639,5 теңге, рубль 6,39–6,51 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда.

Әлемдік нарықта да мұнай арзандап жатыр. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 69,07 долларды құрап, 0,24 долларға төмендеді. Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 64,73 долларды құрап, 0,26 долларға арзандады.

Ұлттық банк осы күнгі ресми бағамды былай белгіледі: доллар – 542,8 теңге, еуро – 637,84 теңге, рубль – 6,49 теңге.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған