9 қазан күні доллар тағы қымбаттады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 9 қазанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 541,54 теңгені құрап, 1,46 теңгеге өсті.

Рубль бағамы 6,65 теңгеге дейін (+0,05) көтерілді.

Юаньның орташа өлшенген бағамы таңертеңгі саудада 75,89 теңгені құрап, 0,96 теңгеге төмендеді.

Айырбастау пунктерінде доллар 541,1–543,5 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

Еуро – 629–633 теңге, рубль – 6,53–6,65 теңге шамасында.

9 қазан күнгі саудада әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетуде.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,01 долларға төмендеп, 66,25 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай 0,05 долларға арзандап, баррелі 62,5 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 540,06 теңге, еуроны – 628,25 теңге, ал рубльді – 6,61 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік