15 қазандағы сауда нәтижесінде доллар бағамы тағы өсті

Фото: Zakon.kz
15 қазан 2025 жылы сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 539,56 теңге болып, тағы 0,63 теңгеге қымбаттады.

Рубль бағамы 6,82 теңгеге (+0,11) көтерілді.

Юаньның орташа сараланған бағамы таңертеңгі саудада 75,71 теңге (+0,45) болды.

Валюта айырбастау пункттерінде долларды 539,9–542,7 теңге, еуроны 623,5–627,5 теңге, ал рубльді 6,65–6,77 теңге бағасымен сатып алып, сатады.

15 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Лондонның ICE биржасындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 2,18% төмендеп, барреліне 61,94 АҚШ долларын құрады.

Brent маркалы мұнай бағасы соңғы бес айда алғаш рет барреліне 62 доллар деңгейіне дейін түсті. Соңғы рет мұндай баға 2025 жылғы 8 мамырда болған еді.

Таңертең Ұлттық банк ресми бағамдарды келесідей белгіледі:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

"Қазгидромет" Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды