Орталық банктердің алтынды жаппай сатып алуы Қазақстан үшін нені білдіреді - маман жауабы

Сурет: pixabay
Әлемнің орталық банктері бүгіндері алтынды тонналап сатып алып жатыр. Салдарынан сары металдың бір унциясының құны бір жыл бұрынғысынан екі есеге қымбаттап, 4000 доллларға жетті. Тіпті, соңғы бір айда бағаға +9,7% үстемеленген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орталық банктер тарихи рекорд орнатты: олар 16 жыл қатарынан алтын сатып алушылар атануда. 2025 жылы 830 тонна алтын сатылды, осылайша 23 ел өз резервтерін ұлғайтты. Мұны әлемдік қаржы жүйесіндегі қайта құру кезеңі деп атаса да болады", деп жазады Tengenomika Telegram арнасы 2025 жылы 27 қазанда.

Неліктен алтынға ерекше таңдау түсуде? Себебі:

Goldman Sachs мәліметтері бойынша, әлемдік активтердегі алтынның үлесі 4-тен 6%-ға дейін өсті, бұл - 1986 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. 1980 жылы инфляциялық аласапыран кезінде алтын барлық инвестициялардың 22%-на жетті, дәл сол кездегідей қазір әлем қайтадан алашапқын болуда.

"Қазақстан үшін бұл - жай ғана әлемдік тренд емес, нақты артықшылық. Бұл резервтердің бір бөлігін құнсызданбайтын актив, яғни "металл валютасында" ұстауға көмектеседі. Алтын қымбаттаған кезде қазақстандық резервтердің де құны өседі, сөйтіп ол теңге бағамына қолдау жасап, валюта нарығына келетін қысымды төмендетеді", - дейді экономист Руслан Сұлтанов.

Бұған дейін Қазақстанда тіркелген қытайлық бизнес айлық көрсеткіші бойынша рекорд орнатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды