Қазан айында теңге бағамы неге күрт нығайып алды – сарапшы пікірі

Сурет: freepik
Қазан айында USD/KZT бағамы сенімді түрде төмендеумен болды: 549,15-тен (1 қазан) 530,47-ге (31 қазан) дейін. Бір айда теңге шамамен 3,4%-ға (немесе 18,7 теңге) нығайды. Орташа айлық бағам 539,1 теңгеге дейін төмендеді (қыркүйекте 540,74 теңге), деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазан айындағы ақша нарығындағы сауда-саттық процесін Tengenomika Telegram арнасы былайша сипаттайды:

  1. Айдың бірінші жартысы - нарыққа қатысушылар тарапынан болған валютаның нетто-сатылымының басым болуы аясында 1 АҚШ долларының құны 538-541 теңгеге дейін біртіндеп төмендеді (15 күн сатылса, 7 күн сатып алу жүрді).
  2. 10 қазанда базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Осыдан кейін теңге бағамы тұтастай нығайды, өйткені елдегі ақша-кредит шарттары айтарлықтай қатайды. Жоғары мөлшерлеме теңгедегі салымдар мен бағалы қағаздар бойынша үлкен кірістілікті танытады, сол себепті экономикалық агенттер көп үнем жасап, ақшаны аз жұмсайды. Бұл, өз кезегінде ұлттық валютаға деген сұранысты арттырады және оны нығайтуға сеп болмақ.
  3. 28-31 қазан - күрт серпіліс. 1 АҚШ долларының бағамы 530 теңгеге дейін төмендеді. Оған себеп - үлкен көлем, 29 және 31 қазан: сәйкесінше 407,7 және 402,7 миллион АҚШ доллары нарыққа шығарылды, бұл орташа тәуліктік деңгейден 1,6 есе жоғары (шамамен 257,8 миллион АҚШ доллары). Екі күні де шетел валютасы сатылды, бұл жайт теңгені күрт күшейтті.

Биржаға көп доллар шығарған кім?

Ұлттық Банк нарыққа шығатындай белгі берген жоқ. Сондықтан ірі валюта ұсынысының ықтимал көздері мыналар болуы мүмкін:

"Ірі көлемдегі долларды теңгеге айырбастаушы кім екендігіне қарамастан, айдың соңғы күндеріндегі ақша ағыны сұраныстың қысқаруы емес, доллардың ауқымды ұсынысын танытады, әрине бұдан кейін 1 АҚШ доллары құнының 530 теңгеге дейін тез түсуі түсінікті. Шын мәнінде, бұл операциялар бюджеттік интервенцияларға сай ұлттық валютаны қолдауда біз үшін (қарапайым азаматтар) жақсы, бірақ мұндайда экономикалық жағдайды бұрмалауға жол беріледі. Қараша айының шымылдығы дәстүрлі түрде салықтық кезеңмен түрілді: егер экспорттаушылардың валюталық резерв қорының белсенді сатылымы төлем күніне дейін жалғаса берсе (Салық кодексіне сәйкес, ЖТС төлемі 15 қарашаға дейін, ал ҚҚС төлемі 25 қарашаға дейін жасалуы керек), 1 АҚШ долларының бағамы 530-540 теңге аралығындағы дәлізде қала беруі мүмкін. Ал ары қарайғы траектория бюджеттік конверттеу кестесіне, экспорттаушылардың мінез-құлқына және сыртқы ауанға (Brent маркалы мұнайдың бағасы; әлемдік нарықтағы доллар индексі) байланысты болады", - дейді экономист Руслан Сұлтанов.

Орталық банктердің алтынды жаппай сатып алуы Қазақстан үшін нені білдіреді? Мұның жауабымен мына арадан таныса аласыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды