23 қаңтардағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 23 қаңтар күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 503,35 теңгені құрап, тағы 2,36 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,64 теңгеге дейін арзандады (–0,01).

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,39 теңге болды (–0,23).

Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 504–506,3 теңге аралығында, еуро – 590,8–595,2 теңге, рубль – 6,51–6,62 теңге деңгейінде қалыптасты.

23 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерсі 1 пайызға қымбаттап, барреліне 64,71 АҚШ долларына жетті.

WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерсі 1,1 пайызға өсіп, барреліне 60,01 АҚШ долларын құрады.

Ал таңертең Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ресми бағамын 505,71 теңге, еуроны – 591,43 теңге, рубльді – 6,65 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды