Кеше кешкі сағаттарда баррель бағасы 82,37 долларға жеткен болса, Астананың уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де – яғни азиялық сессия басталған бірнеше сағаттан кейін – өсім 8,93%-ға баяулап, баррель бағасы 79,38 долларға түсті. Кейін котировкалар 77–78 доллар аралығына тұрақтады. Осылайша, бірнеше сағат ішінде нарықта бір баррельдің бағасы 6 доллардан астам диапазонда өзгерді, бұл өте жоғары внутридневтік амплитуда болып саналады.
Айта кетейік, фьючерс – бұл болашақта мұнай жеткізуге арналған алдын ала келісілген бағамен жасалатын контракт. Дәл осы контракттар бойынша әлемдік нарық бағамын белгілейді.
Бағаның өсу себебі – Ормуз бұғазы арқылы тасымалдаудағы үзіліс қаупі. Бұл стратегиялық теңіз жолы Иран мен Оман арасында орналасқан және әлемдік мұнай саудасының шамамен 20%-ы, сұйытылған табиғи газ жеткізулерінің 30%-ы осы арқылы өтеді.
Иран бұғаз арқылы сауданы қосымша хабарлама шыққанша тоқтатқанын жариялады. Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, кемінде 150 танкер акваторияға кіру үшін кезекте тұр.
Қосымша қысымды әскери қауіп премиясы туғызуда. Сол бойынша кеме құнының 0,25%-дан 0,37%-ға дейін өскенін ескерсек, 100 миллион доллар тұратын танкердің бір рейсін сақтандыру құны 250 мың доллардан 375 мың долларға жетеді. Бұл шығындар автоматты түрде мұнай бағасына қосылады.
Нарықтан қанша мұнай жоғалуы мүмкін?
Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 17–20 млн баррель мұнай өтеді. Тасымалдау толық болмаса да, күніне 8–10 млн баррель тапшылық туғызуы мүмкін, бұл әлемдік тұтынудың шамамен 10%-ына тең. Сарапшылардың болжамынша, төрт апталық қақтығыстан кейін жетпей қалған мұнай көлемі 200–300 млн баррельге жетіп, мұнай бағасы қысқа мерзімде баррельі 80–120 доллар аралығына көтерілуі мүмкін.
The Financial Times брокерлерге сілтеме жасап хабарлағандай, сақтандыру компаниялары Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелер үшін сақтандыру полистерін жойып, кепілдіктер бағасын көтеруде.
Қазір бұл тек геосаяси премия – яғни әскери және саяси тәуекелге байланысты қосымша баға. Әлемдік нарықта мұнайдың нақты тапшылығы тіркелген жоқ.
Қазақстан үшін мәні:
Мұнай бағасының өсуі әдетте экспорттаушылар үшін оң сигнал болып саналады, бірақ оның әсері сызықтық емес. Экономист Эльдар Шамсутдиновтың есептеуінше, бір долларлық баға өсімі Қазақстанға шамамен 550 млн доллар экспорт кірісін және бюджеттің қосымша 150 млн долларын береді.
Сондықтан баррель бағасының 72 доллардан 82 долларға өсуі теориялық түрде экспорт кірісін жылына 5 млрд долларға арттыруы мүмкін. Алайда бұл есеп тек тұрақты өсім кезінде ғана дұрыс, ал қысқа мерзімді баға секіруі бюджеттік әсерді шектейді.
Кері әсері де бар: күрт баға ауытқулары валюталық нарықтағы құбылмалылықты арттырып, бюджет жоспарлауын қиындатады.
Болашақта не күтіледі:
Дағдарыстың дамуына қарай бағам динамикасы өзгеруі мүмкін. Егер Ормуз арқылы транзит толық тоқтатылса, мұнай бағасы баррельі 100 доллардан асып кетуі ықтимал. Ал шиеленіс төмендесе, геосаяси премия тез қысқарып, мұнай бағасы 70–75 доллар аралығына қайтуы мүмкін. Қазіргі баға секіруі – әскери тәуекелге реакция, нақты физикалық тапшылық емес. Нарық жеткізілім үзілу ықтималдығын бағалап отыр, бірақ одан кейінгі тренд қақтығыстың ұзақтығы мен көлеміне байланысты болады.
Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа мәлімдеме жасады. Ол Иранның барлық әскери командалық құрамасы жойылғанын, көптеген әскери қызметкерлер өмірлерін сақтап қалу үшін берілуге дайын екенін айтты.