29 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы өсті
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 485,95 теңгені құрап, тағы 0,51 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,84 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).
Қытай юанінің бағамы 71,63 теңге болды (+0,26).
Айырбастау пункттерінде доллар 484,2–487,7 теңге аралығында сатып алынып-сатылды, еуро – 564,4–570 теңге, рубль – 6,54–6,67 теңге деңгейінде болды.
Сонымен қатар, 29 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Атап айтқанда, ICE Futures биржасындағы Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері 0,10%-ға арзандап, барреліне 92,61 долларды құрады.
NYMEX биржасында WTI мұнайының шілде фьючерстері 0,11%-ға төмендеп, 88,80 доллар болды.
Еске салайық, Ұлттық банк таңертеңгі сессия бойынша долларды 485,55 теңге, еуроны 563,38 теңге, рубльді 6,81 теңге деңгейінде белгіледі.