30 және 31 мамырдағы демалыс күндеріне арналған валюта бағамдары
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 29 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) шетел валюталары бойынша кешкі сауданы жапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 486,51 теңге болып, 1,07 теңге өсті.
Еуроның орташа бағамы 567,34 теңге болды (+2,9).
Рубль бағамы 6,84 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 71,63 теңге болды (+0,26).
Айырбастау пункттерінде долларды 485,2-488,6 теңгеден сатып алып/сатуда, еуроны – 564,7-570,3 теңгеден, рубльді – 6,54-6,67 теңгеден саудалап жатыр.
2026 жылғы 29 мамыр таңертең Қазақстан Ұлттық Банкі доллар бағамын 485,55 теңге, еуроны – 563,38 теңге, рубльді – 6,81 теңге деңгейінде белгілеген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript