21 мамырдағы саудада доллар бағамы тағы аздап төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 471,45 теңгені құрап, 0,54 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 6,65 теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Қытай юанінің орташа бағамы күндізгі саудада 69,31 теңгені құрап, 0,11 теңгеге өсті.
Айырбастау пункттерінде доллар 471–473 теңге аралығында сатып алынып/сатылды, еуро – 547–551,5 теңге, рубль – 6,41–6,55 теңге деңгейінде.
21 мамырда әлемдік мұнай бағасы да төмендеді.
Атап айтқанда, ICE Futures электрондық биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде фьючерстері 0,20%-ға арзандап, барреліне 104,81 доллар болды.
NYMEX биржасындағы шілде айына арналған WTI мұнай фьючерстері 0,11%-ға төмендеп, 98,15 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 471,77 теңге, еуроны 547,25 теңге, рубльді 6,6 теңге деңгейінде белгілеген еді.
21 мамырдың бірінші жартысында қазақстандық айырбастау пункттерінде шетел валютасының қандай бағамен сатылғаны туралы мәліметті осы жерден көруге болады.