Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 462,91 теңгені құрап, тағы 1,14 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,17 теңгеге дейін көтеріліп, 0,01 теңгеге қымбаттады.
Қытай юанінің бағамы 67,65 теңге болып, 0,42 теңгеге өсті.
Айырбастау пункттерінде доллар 461–463,7 теңге, еуро 539–545,6 теңге, рубль 5,95–6,09 теңге аралығында саудалануда.
Әлемдік мұнай нарығында да баға өсімі байқалды.
Атап айтқанда, шілде айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,48%-ға өсіп, бір баррелі 112,07 долларды құрады.
Ал маусым айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,34%-ға қымбаттап, 107,38 доллар болды.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық Банкі доллардың ресми бағамын 461,55 теңге, еуроны 540,38 теңге, рубльді 6,15 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Қазақстандық айырбастау пункттерінде валюталар қандай бағамен сатып алынып-сатылғанын күннің бірінші жартысындағы мәліметтерден көруге болады.