18 мамырдағы сауда қорытындысы: доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында 2026 жылғы 18 мамыр күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 467,58 теңгені құрап, 2,34 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге өсіп, 6,45 теңгеге жетті.

Ал юаньның орташа сараланған бағамы 68,65 теңге болып, 0,74 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 468–470 теңгеден, еуро 544–550 теңгеден, рубль 6,22–6,36 теңгеден сатылып жатыр.

Сонымен қатар, 18 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері ICE Futures алаңында 0,82%-ға қымбаттап, барреліне 110,16 доллар болды.

Ал WTI мұнайының шілде фьючерстері NYMEX электронды саудасында 0,88%-ға өсіп, барреліне 101,91 долларға жетті.

Еске салсақ, таңертең Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі доллар бағамын 470,17 теңге, еуроны 547,47 теңге, рубльді 6,42 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін