9 маусымдағы саудада доллар бағамы күрт өсті

Фото: freepik
2026 жылғы 9 маусымда 15:30-дағы жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 490,21 теңгені құрап, бірден 5,12 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,81 теңгеге (+0,17) дейін көтерілді.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,48 теңгені (+1,07) құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар 488–491 теңге аралығында саудалануда, еуро –563,5–569 теңге, рубль – 6,53–6,67 теңге аралығына саудаға түсуде.

Бұл ретте, әлемдік мұнай бағасы 9 маусымдағы саудада төмендеді.

Атап айтқанда, Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,2%-ға арзандап, бір баррель үшін 93,11 доллар болды. Ал АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайы 1,4%-ға төмендеп, 90,00 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 484,78 теңге, еуроны 558,66 теңге, рубльді 6,6 теңге деңгейінде белгілеген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды