Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы премьер-министрінің тапсырмаларын орындау шеңберінде жүргізілуде және жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз әкетілуінің жолын кесуге, ішкі нарықты қорғауға және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
"Бақылау автомобиль өткізу пункттерінде тікелей жүзеге асырылумен қатар, шекара маңындағы аудандарда көлік құралдарының қозғалыс бағыттары бойынша мобильді топтар арқылы да жүргізілуде. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы ахуалға күн сайын мониторинг жүргізіліп, жанармай құю станцияларындағы отын өткізу көлемі мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметі талдануда", делінген МКК хабарламасында.
Сурет: gov.kz
Бақылау күшейтілген сәттен бастап мобильді топтар 122 автоцистернаны тексерді. Жекелеген жағдайларда сараптама жүргізу үшін жанармайдан сынамалар мен үлгілер алынды.
Нәтижесінде жалпы көлемі 16 мың литрден асатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің 392 фактісінің жолы кесілді.
"Көп жағдайда отынды арнайы жабдықталған қосымша бактарда және жанармай канистрлерінде алып шығуға әрекет жасалған". МКК баспасөз қызметі
Сурет: gov.kz
Мәселен, 6 шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде жүк көлігіне қосымша орнатылған бакта жасырылған 1,2 мың литр дизель отынын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді.
8 шілдеде Павлодар облысының Железин ауданында мобильді топ "Үрлі-төбе" өткізу пункті бағытымен келе жатқан автожолда тауарға ілеспе құжаттарсыз 4 мың литрден астам бензин тасымалдаған автокөлік құралын ұстады.
Сурет: gov.kz
Жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасы учаскесіне жұмыс сапарымен барып, бақылауіс-шараларының ұйымдастырылуына баға беріп, бақылауды одан әрі күшейту бойынша нақты міндеттер қойды.
"Бұдан бөлек, Жол картасын іске асыру аясында шекара маңындағы жанармай құю станциялары мен шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 103 хронометраждық зерттеу тағайындалып, өзге де бақылау іс-шаралары жүргізілуде", деп толықтырады МКК-дан.
Айта кетсек, елімізде бензин мен басқа да жанар-жағармай өнімдерінің бағасына қатысты бақылау күшейтілетіні хабарланған.