16 шілдедегі сауда қорытындысы: доллар бағамы өсті

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 16 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 472,34 теңгені құрап, 1,81 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,06 теңгеге дейін көтерілді (+0,03).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 69,81 теңгені құрап, 0,70 теңгеге қымбаттады.

Айырбастау пункттерінде:

Сонымен қатар, 16 шілдедегі саудада әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 0,28%-ға арзандап, бір баррелі 84,95 АҚШ долларын құрады. Ал West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, 79,45 АҚШ долларына жетті.

Еске салайық, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының бағамын – 469,71 теңге, еуроны – 536,17 теңге, Ресей рублін – 6,01 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Бұған дейін 16 шілде күннің бірінші жартысындағы айырбастау пункттеріндегі шетел валюталарының бағамы жарияланған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы