Доллар бағамы сауда-саттықта төмендеуін жалғастырды

Фото: freepik
2026 жылғы 23 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 465,74 теңгені құрап, 1,87 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 5,95 теңгеге дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 68,74 теңгені құрап, 0,23 теңгеге арзандады.

Еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар 468-470 теңгеден, еуро 532,8-538,1 теңгеден, ал рубль 5,62-5,77 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

Сонымен қатар 23 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы өсті.

Қыркүйек айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,67%-ға өсіп, барреліне 90,02 долларға жетті. Бұл көрсеткіш 11 маусымнан бері алғаш рет 90 долларлық межеден асты.

Ал Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 4,63%-ға қымбаттап, барреліне 98,43 долларды құрады.

Еске салайық, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 467,65 теңге, еуроны – 533,26 теңге, ал рубльді 5,96 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді