Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге өсіп, 457,99 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,019 теңгеге төмендеп, 5,50 теңге болды.
Ал Қытай юанінің бағамы 0,16 теңгеге көтеріліп, 68,06 теңгені құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 458-460 теңгеден, еуро 530,5-535,8 теңгеден, ал рубль 5,31-5,44 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
24 тамызда халықаралық сауда-саттықта мұнайдың негізгі маркалары арзандады.
ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстерінің құны 1,27%-ға төмендеп, барреліне 91,49 доллар болды.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері 1,76%-ға арзандап, барреліне 85,53 долларды құрады.
Бүгін таңертең ҚР Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 456,88 теңге, еуроны 534,64 теңге, рубльді 5,47 теңге деңгейінде белгіледі.
24 тамызда күннің алғашқы жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.