25 қыркүйектегі саудада доллар мен рубль бағамы өсті

Фото: freepik
2026 жылғы 25 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 441,88 теңгені құрап, 0,02 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 0,08 теңгеге өсіп, 5,27 теңгеге жетті.

Қытайдағы мереке күніне байланысты юань бойынша сауда өткізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде долларды 442 теңгеден сатып алып, 444,2 теңгеден сатып жатыр. Еуроны сатып алу және сату бағамдары – тиісінше 502,3 және 507,6 теңге, рубльдікі – 4,99 және 5,11 теңге.

25 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр. Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 1,17 долларға арзандап, 105,4 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,74 долларға арзандап, 92,87 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 441,89 теңге, еуроны 502,56 теңге, рубльді 5,19 теңге деп белгіледі.

25 қыркүйектің алғашқы жартысында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті