Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,59 теңгеге көтеріліп, 440,86 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,23 теңгеге дейін өсті (+0,02).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 65,81 теңгені құрады (+0,35).
Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы 437,8–440 теңге, еуро – 498,5–503 теңге, рубль – 4,96–5,08 теңге аралығында.
30 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,63 долларға көтеріліп, барреліне 103,22 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,29 долларға қымбаттап, 89,67 долларға жетті.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 439,37 теңге, еуроны 498,6 теңге, рубльді 5,22 теңге деп белгіледі.