Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды. Агенттік мәліметінше, бұған дейін Федеральды барлау бюросы Binance криптобиржасынан 6 млрд доллардың ұрлануының ҚХДР-мен байланысы бар екенін анықтағандарын мәлімдеген болатын. Алайда олар бұл ретте ешқандай дәлел келтірмеді.
"Біз, расымен де бұл Солтүстік Корея екенін нақты білмейміз. Бірақ, егер солай болып жатса, онда бұл жайынан Солтүстік Кореямен сөйлесетін боламыз", – деді Трамп Мар-о-Лаго резиденциясында журналистерге берген сұқбатында.
Бұған дейін ең ірі Binance криптовалюта биржасы ықтимал хакерлік шабуыл туралы хабарламалар аясында қаражатты салу немесе алу бойынша барлық операцияны уақытша тоқтатқаны белгілі болды. Келтірілген шығын мөлшері 6,3 млрд долларға жетуі мүмкін.