11 қарашадағы саудада доллар тағы арзандады

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 11 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 444,76 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 445,5 теңге, сату бағамы – 447,4 теңге. Еуроны 495,8 теңгеден сатып алып, 500,8 теңгеден сатып жатыр. Рубльді сатып алу бағамы – 5,13 теңге, сату бағамы – 5,25 теңге.

11 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,9 долларға қымбаттап, 92,39 долларға жетті.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,48 долларға қымбаттап, 86,52 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 447,52 теңге, еуроны 502,21 теңге, рубльді 5,41 теңге деп белгіледі.

11 қарашаның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталары қандай бағаммен сатылып, сатып алынғанын осы жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Үкімет Алматы және Астана агломерацияларының құрамын өзгертті

Алматыда нөсерден кейін көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындады

Қазақстандықтарға екпе туралы SMS келе бастады: хабарлама алған соң не істеу керек

Көлік алуға несие сұрағандардың басым бөлігіне банк неге сенбейді