13 қарашадағы сауда қорытындысы: доллар бағамы белгілі болды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 13 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,7 теңгеге өсіп, 444,30 теңге болды.

Ресей рублі 0,03 теңгеге қымбаттап, 5,40 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы 0,42 теңгеге төмендеп, 66,43 теңгені құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде валютаны сатып алу және сату бағамдары мынадай:

13 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,55 долларға арзандап, 95,77 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,38 долларға төмендеп, 88,36 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 443,62 теңге, еуроны 492,24 теңге, рубльді 5,36 теңге деңгейінде белгіледі.

13 қарашаның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағаммен сатылып, сатып алынғанын мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді