Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы заңгерлермен кездесу өткізді

Сурет: Жоғары Сот Кеңесі аппаратының баспасөз қызметі
Жиын барысында қатысушылардың назарына Кеңестің қызметі, судьяларды іріктеу сапасын арттыру және сот корпусына біліктілігі жоғары мамандарды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспардағы жаңа іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды

Биылғы жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп еліміздің заң қоғамдастығымен кездесу өткізді. Басқосуда судьяларды іріктеу мәселелері, Кеңестің даму перспективалары, сондай-ақ адвокаттарды қызықтыратын мәселелер талқыға салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға еліміздің барлық аймақтарынан 70-тен астам заңгер қатысты. Олардың ішінде: Қазақстандық заңгерлер одағының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттары палатасының өкілдері, барлық деңгейдегі судьялар, ғылыми қоғамдастығының өкілдері.

Жиын барысында қатысушылардың назарына Кеңестің қызметі, судьяларды іріктеу сапасын арттыру және сот корпусына біліктілігі жоғары мамандарды тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспардағы жаңа іс-шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Заңгерлер өз кезегінде Кеңес өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толымды жауаптар алды. Әсіресе судьялардың тәуелсіздігін, олардың әлеуметтік және материалдық қамтамасыз етілуі, сот жүктемесін азайту сынды тақырыптар қозғалды. Сондай-ақ, Кеңес қызметіндегі жұртшылықтың үлесін одан әрі арттыру, іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету, үміткерлердің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, сот жүйесінің HR стратегиясын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

Сурет: Жоғарғы Сот Кеңесі аппаратының баспасөз қызметі

Қазақстан
ҚР Жоғарғы соты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмола облысында жұмысшыны ауыр темір басып қалды

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен