Дәрігер аптап ыстықта жаттығудың қауіпті екенін ескертті

Сурет: pixabay
Дәрігерлер ыстық ауа райында қарқынды физикалық белсенділік жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымына берген сұхбатында терапевт дәрігер Елена Тихомирова ыстықта жаттыққан кезде сусыздану, шаршау, жүрек айнуы, бас айналу, бас ауруы, дененің құрысуы, зейіннің төмендеуі сияқты жағдайлар туындауы мүмкін екенін де еске салды.

Елена Тихомирова жаттығу кезінде кофе мен ішімдік ішуге болмайтынын атап өтті, өйткені одан ағза сусыздана түседі.

Терапевт таңертең немесе кешкі уақытта, ауа температурасы төмендеген кезде жаттығуға кеңес берді, ал егер ыстық қайтпаған кезде жаттығуға тура келетін болса, жаттығуды кондиционері бар бөлмеде жасаған жөн екенін айтты. Ол сондай-ақ жаттығу кезінде жеңіл киініп, жеткілікті мөлшерде су ішу керек екенін ескетті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті