Адамдар неге жалғыздықтан зардап шегеді және онымен қалай күресуге болады

Сурет: pixabay
Әлемнің жетекші әлеуметтанушылары Жер бетінде жалғызбасты адамдардың көбейіп жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Мәселен, планетаның шамамен он екі тұрғынының бірі жалғыздықты денсаулығына байланысты проблемаларға соқтыруы мүмкін эмоционалды деңгейде сезінеді. Урбанизация деңгейі қарқынды өсіп жатқан Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті болып табылады.

Алматы қалалық перинаталдық орталығының психологы Гүлнар Досжанова жалғыздықтың адамға қалай әсер ететіні туралы айтып берді.

Жалғыздық – бұл адамның психологиялық немесе әлеуметтік оқшаулануына байланысты басқа адамдармен сенімді қарым-қатынасы болмаған кездегі эмоционалды жағдайы. Оны ауыр қабылдайтын адамдар көңілдері құлазып, өздерін қажетсіз сезінеді.

"Жалғыздықтың себептері, ең алдымен, қазіргі өркениеттің адам психикасына тұрақты жүктеме түсіруімен байланысты. Жұмысы бастан асып, үйге тек ұйықтау үшін келетін адамның қажеттіліксіз қарым-қатынас жасауға күші қалмайды. Үлкен қалаларда қарбалас тіршілікте жүріп, күнкөріс мақсатында үздіксіз бәсекелестікке душар болған адамдар достыққа уақыт таппайды. Біреумен жолығу ауыр және қажетсіз тірлікке айналады", – дейді психолог.

Эксетер университетінің зерттеулеріне сәйкес, егер бұрын жалғыздықты негізінен егде жастағы адамдар сезінсе, қазір бұл орта және жас адамдардың да проблемасына айналған.

"Жасы ұлғайған сайын адам кейде қарым-қатынасты өзі де қаламайды, оған жеке әлемінде өмір сүру ыңғайлы болады. Ал жастар жалғыздықты қиын қабылдайды. Олар үшін қарым-қатынаста болу аса қажет, сондықтан көбісі уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Бірақ технология қарым-қатынасты кеңейту мақсатында емес, аталған қажеттілікті алмастыру үшін пайдаланылса, жалғыздық сезімі жоғалмайды", – дейді Гүлнар Досжанова.

Ғылыми зерттеулерге сәйкес, жалғыздық сезімін арттыратын факторлар бойынша жас ерекшелігін үш топқа бөлуге болады;

Жалғыздықты қабылдау мәселесі жыныс бойынша да бөлінеді. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, біреудің көмегінсіз өзін сенімді әрі жайлы сезінетін жалғызбасты әйелдердің пайызы еркектерге қарағанда 20 пайызға көп.

"Әйелдер өз әсерлері мен эмоцияларымен еш қысылмай бөлісе алатын "моральдық қолдау топтарын" тез қалыптастырады. Ал ер адамдар өз уайымдарын ашық айтуда қиындықтарға тап болады, сондықтан бәрін іште сақтағанды жөн көреді. Бұл жалғыздық әсерінен туындайтын жайсыздықты күшейтеді", – дейді Досжанова.

Бір қызығы, жалғыздықты іс жүзінде жалғызбасты емес адам да сезінуі мүмкін. Жақын адамы бол тұра мұндай сезімге бейімдер бар.

"Ішкі уайымдарын туыстарымен бөлісе алмау әріптестер мен таныстардың немқұрайлылығынан да ауыр қабылданады. Егер адам өзін қажетті және сұранысқа ие сезінбесе, жанның туыстығын сезінбесе, онда қарым-қатынастың сапасы жоқ. Бәлкім, жақын адамдар мұндай қабілетке ие емес немесе тым өзімшіл", – дейді маман.

Гарвард университеті ғалымдарының зерттеулеріне сәйкес, жалғыздық денсаулыққа зиян. Мамандар 85 жыл бойы адамдардың үлкен тобының физикалық және психологиялық жағдайын бақылап, жалғыздықтың адамға ең жағымсыз әсер ететінін анықтаған.

"Тұйықталудан бөлек, жалғыздық өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Әртүрлі қабыну, инсульт және инфаркт қаупі артады. Жалғыздық деменцияға соқтырады, иммунитетті бұзады және қатерлі ісік ауруының пайда болу мүмкіндігін арттырады", – деп атап өтті Досжанова.

Дегенмен, адам саналы түрде жалғыздықты таңдайтын жағдайлар бар. Кейбіреулерде күйзеліс, міндеттер мен жағымсыз эмоциялар көбейген кезде осындай қажеттілік туындауы мүмкін. Бірақ мұндай жалғыздықтан адам жайсыздық сезбейді. Керісінше, тыныштықта ойын жинақтайды.


"Бұл ойларды ретке келтіру, миды тынықтыру мақсатындағы саналы таңдау. Адам ішкі жан-дүниесіне үңіліп, шығармашылық дамуға, рухани өсуге, жан тыныштығын табуға мүмкіндік алады", – дейді психолог.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды