Ғалымдар отбасылық қарым-қатынасты нығайтатын қарапайым әдетті анықтады

Фото: Zakon.kz
АҚШ-тағы Бригам Янг университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын сақтауға көмектесетін әдеттерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

BYU университетінің мәліметінше, ерлі-зайыптылардың бірге жаттығуы, тіпті жай ғана серуендеуі де олардың қарым-қатынасына оң әсер етеді.

Ғалымдар 1 693 жұптың деректерін зерттеген. Нәтижесінде бірге спортпен шұғылданатын ерлі-зайыптылардың бір-бірін жақсырақ түсінетіні, келіспеушіліктерді тиімдірек шешетіні және жанжалдары аз болатыны анықталған.

Зерттеуге қатысушылар арасында ең көп таралған белсенділік түрі кардио жаттығулары болған. Сондай-ақ жұптар жаяу серуендеу, жүгіру және күш жаттығуларын атаған.

Ғалымдардың айтуынша, бірге 15 минут серуендеудің өзі ерлі-зайыптыларға күнделікті күйбең тірліктен бір сәт арылып, маңызды мәселелер туралы сөйлесуге мүмкіндік береді.

Зерттеушілер физикалық белсенділік пен қарым-қатынас сапасының арасында байланыс бар екенін анықтағанымен, оның нақты қалай жүзеге асатыны әзірге толық зерттелмегенін атап өтті.

Адамдар жас ұлғайған сайын өмір салтындағы өзгерістерге байланысты түрлі психологиялық қиындықтарға тап болуы мүмкін. Психолог осы кезеңнен қалай жеңіл өтуге болатынын айтып, жеті қарапайым тәсіл ұсынды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды