Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шаралар енгізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде "омикрон" штамм нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.

30 қарашадағы жағдай бойынша "омикрон" штамм 16 елде, ал бүгінде әлемнің 110 елінде анықталды. Вирустың таралу деңгейі жоғары – 1:5 және қайта жұқтыру қаупі жоғары. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.

Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарына, йога орталықтарына, караоке, бассейндерге, сауналарға, ванналарға, банктерге, «Қазпочта» АҚ филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады: ASHYQ мобильді қосымшасы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана. Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз. Жандос Бүркітбаев
Қазақстан
COVID-19
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты