Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуының себебі анықталды

Сурет: pixabay
Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері су айдындарында мониторинг жүргізу барысында Есіл өзенінде балықтың жаппай қырылуын тоқтату және алдағы уақытта оны болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мұз астында өлген балықтар жиналып, зертханалық зерттеуге жолданды. Қорытындысы белгілі болған соң жарияланады. Болжам бойынша, балықтың қырылуы мұз астында оттегінің жетіспеушілігінен болуы мүмкін.

Атап айтсақ, Ақмола облысы, Астрахань ауданының Новочеркасское ауылы маңындағы Есіл өзенінде 85 кг жуық өлген балық жиналды. Қазір ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының өкілдерімен бірлесе сынама жұмыстары жүргізілуде. Қалған балық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жойылды.

Қазіргі таңда өзен суын мәжбүрлі аэрациялау үшін екі мотопомпа орнатылған. Бұл өз кезегінде мұз астындағы суды оттегімен қамтамасыз етуге үлкен сеп. Су айдынының жағдайына мониторинг жалғасуда.

Анықтама: Есіл өзені балық шаруашылығы су айдындарының резервтік қорына кіреді.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін