Polisia.kz мәліметінше, төтенше жағдай Алматының Медеу ауданында орын алды.
Күндіз Уәлиханов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің кіреберісінде түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Ең алдымен, патрульдік полиция жасағы мен келген учаскелік инспектор үй тұрғындарын шұғыл эвакуациялауға кірісті. Бір кезде біздің қызметкерлер пәтерлердің бірінің самалдығында қолында пышақ ұстаған ер адамды көрді. Өз-өзімді өлтіремін деп айғайлады. Патруль мен учаскелік полиция қызметкері ер адамды алаңдатып тұрып, байқатпай пәтердің есігін ашты. Оны зиянсыздандырды және дәрігерлер тексерді. Оның өміріне ешнәрсе қауіп төндірмеді. Ары қарай іс жүргізу барысында жас жігіттің газ плитасының камфоркасын ашып, онымен өзін уландырмақ болғаны анықталды. Уақтылы берілген дабыл мен қабылданған шаралардың арқасында қайғылы жағдай алдын алынды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Спикер мұндай абайсыз әрекеттің мән-жайы мен себебі тергеу нәтижесінде белгілі болатынын айтты. Белгілі болғандай, ер адам бұл пәтерді тәулікке жалға алған. Ойластырылған жоспарды іске асыру үшін әдейі алған болуы мүмкін.