Еріктілер зейнеткерлерге арналған тегін цифрлық сауат курсын бастады

Сурет: pixabay
Алматыда смартфонды пайдалану, фото-видеоға түсіру, файлдарды жіберу, тауарға онлайн тапсырыс беру бойынша зейнеткерлерге арналған тегін курс өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Connect-ed.kz жобасының еріктілері Алматыдағы зейнеткерлерге арнап тегін цифрлық сауат курсын өткізбек.

Цифрлық сауат курсында зейнеткерлер смартфонды пайдалануды, фото және видео түсірілімдер жасауды, қосымшаларды жүктеуді, WhatsApp мессенджерін қолдануды, дауысты хабарламаларды жіберуді, бейне қоңырау шалуды, сайттарға жарнама беруді, тауарға онлайн тапсырыс беруді, электронды үкімет порталын қолдануды және мекенжайды іздеп, маршруттар құруды үйрене алады.

Курсымызда интернеттегі алаяқтықта сақ болу, қауіпсіз құпия сөзді пайдалану, желіде бөлісуге болатын және болмайтын ақпараттар, жұмыс іздеу, түйіндеме дайындау, бос жұмыс орындарын қарастыру туралы да айтылады. Бұл сабақтардан басқа курс қатысушыларына онлайн бейне дәрістер ұсынылады.Connected.kz жобасының меңгерушісі Гүлназ Қорданова

Курс 2 наурыз күні басталады. Барлығы 8 тегін сабақ ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы – 1,5 сағат.

Тегін курс қазақ және орыс тілдерінде 18 адамнан тұратын екі бөлек топта өтеді. Курс мекенжайы – А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь 109).

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады