Сергей Киселев Қазақстан садақ ату федерациясының президенті болып сайланды

Сурет: Zakon.kz.
Түркістанда садақ атудан Қазақстан чемпионаты аясында өткен федерацияның кезекті конференциясында сайлау өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сергей Киселев федерацияны 2005 жылдан бері басқарған Алмаз Мурзабековтың орнына сайланды.

Қазақстандық садақшылар 2019 жылы Азия кубогында бес медаль – бір алтын, бір күміс және үш қола медаль, 2021 жылғы Азия чемпионатында – бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Токиода өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 9-орынға ие болса, Оңтүстік Корея (алтын), Тайвань (күміс), Жапония (қола) құрамалары Олимпиада жеңімпаздары атанды.

Біздің міндет – 2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Олимпиада жолдамаларын жеңіп алып, жүлделі орындарға таласу. Ол үшін қазір бізде барлық мүмкіндіктер бар. Сергей Киселев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда