Түркістан облысында екі тұрғыннан 3 келіге жуық есірткі табылды

Сурет: Zakon.kz
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері Жетісай қаласы көшелерінің бірінен күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Polisia.kz берген мәліметке сай, Жетісай АПБ-нің қызметкерлеріне “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында аудан аумағында есірткі саудасымен айналысып жүргендер жайында ақпарат келіп түскен.

Содан тәжірибелі полицейлерден арнайы топ құрылып, күдіктілерді ұстау мақсатында жан-жақты жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері Жетісай қаласы көшелерінің бірінен күдікті ер адамды ұстады. Оған тінту жүргізу барысында сөмкесінен полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылып, сараптамаға жіберілді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат бір келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ, ары қарай тексеріс жүргізу барысында есірткі сақтаған тағы бір тұрғын анықталды.

Полицейлер оның үйіне тінту жүргізіп, үй ауласындағы кірпіштердің арасына жасырылған есірткіге ұқсас хош иісті затты тапты. Ал сараптама оның кептірілген марихуана екенін растады, салмағы екі келіге жуық.

Белгілі болғандай, бұл екі күдікті бір-бірін жақсы таниды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Екеуі де қамауға алынды.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады