Сыртқы істер министрлігі Еуропадағы жүк мәселесіне байланысты қайда жүгіну керектігін айтты

Сурет: pixabay
СІМ жағдайды мұқият қадағалауда және қазақстандық бизнеске сыртқы нарықтарда одан әрі көмектесуге дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік көлік-логистикалық компанияларға қатысты халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорындарға салынған санкциялардың ықтимал теріс әсеріне қатысты ахуалды мұқият қадағалауда.

Отандық кәсіпкер, "Kusto Group" компаниясының негізін қалаушы-серіктесі Қ. Көпбаевтың қазақстандық тауарларды халықаралық және еуропалық теңіз порттары арқылы тиеу мен тасымалдауда туындаған қиындықтар туралы сауалын назарға ала отырып, Қазақстанның шетелдік мекемелері қажетті байланыстар орнатып, негізгі еуропалық порттардың (Зебрюгге, Антверпен, Мууга, Рига, Вентспилс, Лиепая және т. б.) әкімшіліктерімен консультациялар өткізді. Алынған ақпарат бойынша, қазіргі уақытта қазақстандық жүк тасымалдаушылармен жұмыс істеуге қандай да бір шектеулер жоқ.

Сонымен қатар, қазақстандық тауарларды тасымалдауда кідірістердің пайда болу жағдайлары қолданыстағы логистикалық тізбектердің тығыз өзара байланысын ескере отырып, ресейлік компанияларға қойылған шектеулермен байланысты болуы мүмкін. Отандық компанияларда халықаралық сақтандырудан бас тартылған ресейлік кемелерде жүктерді тасымалдау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Қазақстандық жүктер мен тауарларды тасымалдауды кешіктірудің нақты фактілері анықталған жағдайда, Сыртқы істер министрлігі ҚР шет елдердегі мекемелерімен бірлесіп, туындаған мәселелерді жедел шешуге көмек көрсетуге дайын.

Осыған байланысты, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуды сұраймыз +7 7172 620 620.

Жалпы, алдын алу шарасы ретінде Сыртқы істер министрлігі мен шетелдік мекемелер қалыптасқан геоэкономикалық жағдайда қазақстандық бизнестің сауда-экономикалық қызметі үшін жағымсыз салдарларға жол бермеу мақсатында саяси деңгейде шетелдік серіктестермен түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды