Көкшетаулық тұрғын мереке қарсаңында 300 қызғалдақты ұрлап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 4 наурызда Көкшетау полициясына гүл сататын дүкендердің бірінің иесі шағымданып, 300 қызғалдақты ұрлап кеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүкен иесі келтірілген шығынды 90 мың теңгеге теңестірген деп жазады turkystan.kz.

Кәсіпкердің сөзінше, ол қызғалдақтарды сақтау үшін гүл салынған қорапты бірер минутқа көшеге қойған. Дәл сол кезде белгісіз адам гүл салынған қорапты ұрлап кеткен. Тауарының жоғалғанын білген бойда, кәсіпкер бірден полицияға хабар берді.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы келіп, гүл салонының камераларындағы жазбаларды қараған. Құқық қорғаушылардың назарына іс-әрекеті күмән тудырған ер адам ілініп, жарты сағаттың ішінде 48 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам ұрланған гүлдерді қайда тығып қойғанын да көрсеткен.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызғалдақтар дүкен иесіне қайтарылды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған