Қарағанды ​​облысында балабақша тәрбиешісі балалардың басынан ұрған

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде балабақша тәрбиешісі бірнеше баланың желкесінен қойып жіберген видео пайда болды. Видео резонанс тудырып қана қоймай, құқық қорғау органдарының назарын аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram әлеуметтік желісіндегі skandal_krg парақшасында жарияланған видеоға сүйенсек, жағдай Қарағанды ​​облысы Абай қаласындағы балабақшаның бөбекжай тобында болған.

Видеоны осы балабақшаға баласы баратын ана жолдаған.

Бүгін камералардан бейнежазбаны көрдік, болған жайт бізді таң қалдырды, - дейді видео авторы.

Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Видео тарағаннан кейін қазір зардап шеккендер мен оқиғаның мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде. Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі

Бейнежазбаға Абай аудандық білім бөлімі де түсініктеме берді.

«Әдемі» балабақшасы жекеменшік мектепке дейінгі мекеме болып табылады және Абай аудандық білім бөлімінің қарауына жатпайды. Жеке балабақша 2021 жылдың ақпан айында 550 орындық болып ашылды. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, тексеру қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Абай ауданының білім бөлімі
Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады